«Damu Business Group» кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасы Сырымбек Тау мырзаның бастауымен «Damu Cup 2024» волейбол жарысы өткізілді. Жарыс, қыркүйек айының 10 нан басталып, 3 айға жуық жалғасын тапты. Барлығы 14 команда қатысқан бұл іс-шараға 170 тен астам қызметкерлер қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды.
Атап өтетін болсақ, бас жүлде 2 миллион теңгені Жалынбек Жайнарбай мырза бастаған «Signtech» командасы, 2-ші орын және 1 миллион теңгені Тасқынбек Абдурушит мырзаның «Bek Team» командасы, ал 3-ші орын және 500.000 теңгені Керімжан Үрістем және Құрманбек Сабидолла мырзалардың «Алматы» құрама командасы ұтып алды. Бұдан бөлек Премьер лига командалары өз мықтыларын анықтап, чемпион болған Құмар Жұмахан мырза бастатқан «Avtomoda» командасы 200.000 теңгемен марапатталды. Барлығы 4 ойыншыға үздік ойыншы марапаты табыс етіліп, «Ұйымшыл ұжым» номинациясы бойынша бір командаға кубок табыс етілді.
«Бұл жарысты ұйымдастыру мақсатымыз- салауатты өмір салтын дәріптеу, тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, қызметкерлердің арасында да бірлік орнатып, өзара қарым қатынасты нығайтып, бірлесе даму үшін ұйымдастырылған» деп түсіндірді қауымдастық төрағасы Сырымбек мырза. Алда да осындай іс-шаралар жалғасын табатын болады деп жеткізіп, жарысқа қатысқан барлық, ойыншы, жанкүйерлерге алғысын білдірді.