

"ДАМУТЕХ" ЖШС және “SMART MEKEN” ЖШС-нің директоры. “DAMU BUSINESS GROUP” дербес директорлар кеңесінің негізін қалаушы.
1983-жылы туылған, 2001 жылы Алматы қаласы 147-гимназияны бітірген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы - “Физика және Ағылшынша техникалық аударма”.
“ДАМУТЕХ” компаниясы 2008 жылы Алматы қаласында құрылған. Тұрғын үй кешендері, қонақ үйлерге арналған жоғары технологиялы ақылды шешімдермен айналысады. Компания атауы “ДАМУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ” сөзінен алынған. Қазақстанда және шетелде тіркелген “DAMUTECH” сауда белгісі бар.
Компанияның негізгі мақсаты:
- Әлемдік озық технологияларды Қазақстанға енгізу;
- Халықты жоғары сапада, қолжетімді бағада "ақылды" тауарлармен қамтамасыз ету және оларға сервис көрсету.
Осы DAMU BUSINESS GROUP дербес директорлар кеңесін құрудың негізгі себебі: Алла қаласа қазақ халқына шынайы күйнетін жігіттермен бірге даму және қазақ елін дамыту.
Өмірлік ұстанымы: Алланың тура жолында жүру, халыққа сапалы қызмет көрсету. Отандық тамаша, сенімді брендтердің бірін қалыптастыру.
Хобби: Әлемді шарлау, Тау шаңғы, футбол,Жаңа көрме арлау



