Біз Қазақстанда шағын және орта бизнестің өсуіне қолайлы орта жасау мақсатында бірігеміз.
Іс-шарада Damu Business Group қауымдастығының резидент- бизнесмендері, қатысушылармен өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Олардың қатарында Damu Business Group Басқарма Төрағасы Болатбек Дәлелханұлы, Бизнесте 12 жыл тәжірибе, Golden Bridge Partners негізін қалаушы, Жалын Жайнарбай Бизнесте 12 жыл тәжірибе, Sign Tech Company негізін қалаушы, Құмар бизнесте 7 жыл тәжірибе, AVTOMODA.KZ негізін қалаушы, Сырымбек Тау Кәсіпкер, бизнесте 22 жыл тәжірибе, Yokohama, Kolsay nomads негізін қалаушы, Мәулет Оразханұлы Кәсіпкер, 12 жыл тәжірибе, WCM Service, Q-Line негізін қалаушы, Алмас Рысбеков, бизнесте 12 жыл тәжірибе, Golden Bridge Partners негізін қалаушы, Асхат Махыметқан бизнесте 12 жыл тәжірибе, LaborTech International негізін қалаушы, Куаныш Керимкулов, бизнесте 25 жыл тәжірибе, Сұңқар Медициналық орталығының негізіні қалаушы.
Спикерлер іс-шара барысында бизнесті таңдау, дамыту жолдары, бизнес жобаны жүйелі түрде жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеу жолдары және рухани тақырыптар бойынша сөз сөйледі.
Таныстыру жиынына жиналған жас кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу бойынша бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңестерін айтты.
Жас кәсіпкерлер өз кезегінде бизнесте туындайтын түрлі мәселелерді шешу жолдарын сұрап, пікір алмасып отырды.














