08 қазан 2021 ж. Алматыда

«Damu Business Group» резиденттерінің демеушілік қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасында «Әдебиет академиясы» залы ашылды. «Damu Business Group» қауымдастығының Басқарма төрағасы Болатбек Дәлелханұлы @bolatbek_dalelkhanuly ашылу салтанатында сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «Damu Business Group» резиденттеріне Кітапхана атынан алғыс хат табыстады.

Әдебиет академиясы залының ашылу мақсаты – жас ақындардың, ақын-жазушылардың өзін-өзі тануына, поэтикалық және прозалық жанрларды насихаттау үшін жағдай жасау. Әдеби қабілеттерін, көркем проза жазу мен өлең жазудың бастапқы дағдыларын дамыту, әдебиет саласындағы ой-өрістерін кеңейту.

Іс-шараны белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан жүргізді.

Іс-шараға белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, шығармашыл жастар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.