Қалаймақан жағдайда, қала көшелерінде тонаушылық, қирату, ала аласапыран кезде, халықтың мейірімін ояту үшін «Damu business group» кәсіпкерлері қайырымдылық акцияларын бастады. Осы күгндері азық түлік жәшіктерін жинастыруға «Damu business group» кәсіпкерлері, достары, еріктілер ат салысты. Патриоттық сезімін білдіріп, азаматтық белсенділік танытып, қол ұшын созған барлық азаматтарға үлкен алғыс айтамыз. Біз Алматының қасіреттен әлбетте айығатынына сенімдіміз. Күшіміз бірлікте.
DAMU business group” кәсіпкерлері:
- 05-07.01.2022 күндері жарақатталған халықты емдеп жүрген Алматы қалалық 12 ауруханасындағы дәрігерлерін 1000 адамға ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
- 09-11.01.2022 күндері 1000 азық түлік жәшігін жасап, халыққа тарату мақсатында, Алматы аудан әкімдіктеріне жәшіктерді тапсырды. Бұл игі іске еріктілер(волонтер) де қосылды.
Алматы қаласы бойынша тапсырылған азық түлік жәшіктерінің саны бойынша ақпарат:
09.01.2022
Наурызбай ауданы әкімдігіне — 100
Медеу аудан әкімдігіне- 200
Алатау аудан әкімдігіне- 200
11.01.2022
Бостандык аудан әкімдігіне — 100
Екі Медресе — 70
Университет Агу жатақханадағы студенттерге — 100
Жетісу аудан әкімдігіне (Бақытты отбасы фондына) — 100
Ауезов аудан әкімдігіне- 100
Басқа мұқтаж отбасыларына тікелей жіберілді — 30

















