Ала аласапыран кезде, халықтың мейірімін ояту үшін «Damu business group» кәсіпкерлері қайырымдылық акцияларын бастады
Қалаймақан жағдайда, қала көшелерінде тонаушылық, қирату, ала аласапыран кезде, халықтың мейірімін ояту үшін «Damu business group» кәсіпкерлері қайырымдылық акцияларын бастады. Осы күгндері азық түлік жәшіктерін жинастыруға «Damu business group» кәсіпкерлері, достары, еріктілер ат салысты. Патриоттық сезімін білдіріп, азаматтық белсенділік танытып, қол ұшын созған барлық азаматтарға үлкен алғыс айтамыз. Біз Алматының қасіреттен әлбетте айығатынына сенімдіміз. Күшіміз бірлікте. DAMU business group” кәсіпкерлері: 05-07.01.2022 күндері жарақатталған халықты емдеп жүрген Алматы қалалық 12 ауруханасындағы дәрігерлерін 1000 адамға ыстық тамақпен қамтамасыз етті. 09-11.01.2022 күндері 1000 азық түлік жәшігін жасап, халыққа тарату мақсатында, Алматы аудан әкімдіктеріне жәшіктерді тапсырды. Бұл игі іске еріктілер(волонтер) де қосылды. Алматы қаласы бойынша тапсырылған...
«Damu Business Group» резиденттерінің демеушілік қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасында «Әдебиет академиясы» залы ашылды
08 қазан 2021 ж. Алматыда "Damu Business Group" резиденттерінің демеушілік қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасында "Әдебиет академиясы" залы ашылды. "Damu Business Group" қауымдастығының Басқарма төрағасы Болатбек Дәлелханұлы @bolatbek_dalelkhanuly ашылу салтанатында сөз сөйледі. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы "Damu Business Group" резиденттеріне Кітапхана атынан алғыс хат табыстады. Әдебиет академиясы залының ашылу мақсаты – жас ақындардың, ақын-жазушылардың өзін-өзі тануына, поэтикалық және прозалық жанрларды насихаттау үшін жағдай жасау. Әдеби қабілеттерін, көркем проза жазу мен өлең жазудың бастапқы дағдыларын дамыту, әдебиет саласындағы ой-өрістерін кеңейту. Іс-шараны белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан жүргізді. Іс-шараға белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, шығармашыл жастар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
Маңғыстау облысында зардап шеккендерге көмек
2021 жылғы 16 шілдеде DBG резиденттері Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен жандарға көмек көрсетуге қатысты. Делегация Шымкент қаласына келіп, Сарыағаш станциясына барды, онда еріктілер жобасын бастаған ерікті жандар – Мұратбекпен, Құрметпен кездесті. DBG резиденттерінің атынан 3 вагон жем жіберілді, соның ішінде 1 вагонды DBG резиденті Сырымбек Тау бөлек жеткізді


