Қазақ тіліндегі MBA бағдарламасының алғашқы түлектері, Damu Business Group топ мүшелері  бизнесті басқару магистрі дәрежесіндегі өз дипломдарын алды. Бұған дейін шет тілдерінде жүргізіліп келген MBA (Бизнесті басқару магистрі) бағдарламасын қазақ тілінде жүргізу туралы ұсынысты Құмар Жұмахан, Абзалхан Құсмай мырзалар ұсынған. Нәтижесінде Mичиган университеті басқармасы, Damu Business Group кәсіркерлер қауымдастығы бірлесе отырып екі жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойып, ең алғашқы қазақ кәсіпкерлерінен құралған топпен қазақша MBA басталып кетті.

Бұл істі бастаудағы негізгі мақсат — елімізде қазақ тілді іскерлік ортаның қалыптасуына жол ашу. MBA бағдарламасы арқылы ұлттық буржуазияны қалыптастыруға үлес қосу көзделеді.
Қазақтың 1000 кәсіпкерінің басы қосылса, елге пайдалы біраз жобалар дүниеге келер еді. Мықты іскерлік орта – ел экономикасының күре тамыры. Халқымыздың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі жолы болмақ.